03.05.2007, 09:46 1095

Қызылорда облысында қырым-конго қанды безгегі деген диагноз тағы бір адамға қойылды

АСТАНА. 3-мамыр. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында қырым-конго қанды безгегі деген диагноз тағы бір адамға қойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сырдария ауданында Амангелді елдімекенінде 29-сәуірде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 24 жастағы әйел ауыр түрдегі қырым-конго қанды безгегі деген күдікпен жатқызылды. 30-сәуірде дәрігерлердің кеңесі диагнозды растады, науқас әйелдің жағдайы ауыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған 9 адам анықталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында бақылауға алынды.

2-мамырдағы 18 сағаттағы жағдаймен науқас әйелмен қарым-қатынаста болған деп ауруханаға жатқызылған ер адамнан дәрігерлердің консилиумы клиникалық белгілеріне қарай ауыр түрдегі қырым-конго қанды безгегі деген диагнозды анықтады.

Ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны