21.06.2007, 09:40 1214

Қызылорда облысында "қырым-конго қанды безгегі" деген диагнозбен бір ер адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында "қырым-конго қанды безгегі" деген диагнозбен бір ер адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, 19-маусымда Жаңақорған ауданы Тоғызкеген ауылында 23 жастағы жігіт "қырым-конго қанды безгегі" деген диагнозбен аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында жатқызылды. "Науқастың жағдайы ауыр. Індет ошағында жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізілуде",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны