14.05.2010, 10:09 1215

Қызылорда облысында конго-қырым геморрагиялық безгегі деген күдікпен 44 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды

Қызылорда облысында конго-қырым геморрагиялық безгегі деген күдікпен 44 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды

Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының Шиелі ауданында конго-қырым геморрагиялық безгегі деген күдікпен 44 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "13 мамырда сағат 16.30-да Сұлутөбе елдімекенінен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына конго-қырым геморрагиялық безгегі деген күдікпен 44 жастағы ер адам жатқызылды".

ТЖМ мәліметінше, "ауру ошағында жұқпалы дертке қарсы іс-шаралар қолданылуда. Науқаспен байланыста болған 11 адам анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны