22.06.2007, 10:16 2457

Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен бір әйел қайтыс болды

АСТАНА. 22-маусым. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 37 жастағы Бидайкөл ауылының тұрғыны "конго-қырым қанды безгегі" деген диагнозбен 18-маусымда 12 сағатта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. "Аудандық аурухананың хабарламасына сәйкес, науқас 20-маусымда 17 сағат 45 минутта қайтыс болды.

Індет ошағында жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны