05.10.2011, 10:27 3193

Қызылорда облысында көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бір адам мерт болды

Кеше Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі бір тұрғын үйде орын алған өрт бір адамның өмірін қиып кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда. 5-қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі бір тұрғын үйде орын алған өрт бір адамның өмірін қиып кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тасбөгет кентіндегі Ш.Есенов көшесі бойындағы үйдің өжіресінен қою қара түтін шығып жатқаны туралы дабыл орталық өрт байланыс бекетіне 13 сағат 15 минутта түседі. Бірінші бөлімше өрт сөндірушілері барғанда үй жанып жатқан. Өрт сөндірілгеннен кейін осы пәтердің тұрғыны 1971 жылы туған азамат И.Е.-нің мәйіті табылды. Оған қоса көлемі 5х4 м жатын бөлмесінің тұрмыстық дүние-мүлкі жанғандығы белгілі болды. Өртті сөндіруге №6 өрт сөндіру бөлімінен 1 негізгі автокөлік құрамындағы 6 қызметкер жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында көрші орналасқан 20-шы пәтерден 3 адам, оның ішінде 1-еуі бала, қауіпсіз орынға көшірілді.

Өрттің шығу себебі және келген шығын көлемі анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны