15.05.2013, 10:58 3306

Қызылорда облысында күкiрт қышқылын тиеген отыз тонналық жүк көлiгi апатқа ұшырады

Апат салдарынан 1,5 тонна күкiрт қышқылы төгiлген. Аталмыш көлiк "Саяттранссервис" ЖШС-на тиесiлi. Ал оның 58 жастағы жүргiзушiсi дiн аман. Төтенше жағдайды жоюға 15 адам мен 6 техника тартылды.

Қызылорда. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Кеше Қызылорда облысы Шиелi ауданына қарасты "Шиелi-Тайқоңыр" тас жолының 123 шақырымында күкiрт қышқылын тасымалдаушы 30 тонналық КамАЗ автоцистернасы аударылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң баспасөз қызметiнен хабарлады.

Апат салдарынан 1,5 тонна күкiрт қышқылы төгiлген. Аталмыш көлiк "Саяттранссервис" ЖШС-на тиесiлi. Ал оның 58 жастағы жүргiзушiсi дiн аман. Төтенше жағдайды жоюға 15 адам мен 6 техника тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны