11.06.2007, 11:24 1248

Қызылорда облысында құтыру дертіне шалдыққан екі жасар қыз қайтыс болды

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында құтыру дертіне шалдыққан екі жасар қыз қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Екі жасар қыз ит қауып алу салдарынан Қармақшы аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 6-маусымда жатқызылған. 7-маусымда дәрігерлер оған "құтыру" деген алдын-ала диагноз қойды. Ал 8-маусымда 6 сағатта ол қайтыс болды.

Ауру ошағына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мен осы департаменттің Қармақшы аудандық басқармасының мамандары аурудың таралуының алдын алу шараларын қолдану үшін жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны