27.01.2010, 09:43 1695

Қызылорда облысында "Мазданың" жүргізушісі екі жасар баланы қағып өлтірді

Қызылорда облысында "Мазданың" жүргізушісі екі жасар баланы қағып өлтірді

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Мазда" көлігінің жүргізушісі екі жасар баланы қағып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға кеше сағат 10.30-да Жаңақорған ауданының Жаңаарық ауылында болған. "Мазда" көлігінің жүргізушісі екі жасар баланы қағып кетті, бала оқиға орнында жан тапсырды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, бүгін Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Қаламқас -Ақтау автожолының 29-шы шақырымында сағат 00.14-те "Мицубиси" көлігі аударылды.

Апат салдарынан көлікте отырған 46 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырып, 50 жастағы жүргізуші мен тағы бір 32 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны