11.12.2008, 10:03 1615

Қызылорда облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапты

Қызылорда облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапты

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Қызылорда облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 10 желтоқсанда жер үйде 24 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт салдарынан 7 және 3 жасар екі бала қаза тапты.

Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 3 адамының көмегімен 00 сағат 50 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны