22.01.2008, 18:59 3074

Қызылорда облысында полиция қызметкері есірткі сатқаны үшін сотталды

Қызылорда облысында полиция қызметкері есірткі сатқаны үшін сотталды

Қызылорда. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында полиция қызметкері есірткі сатқаны үшін сотталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында облыс прокуроры Ибдіқадір Кәрім мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Облыс прокуратурасы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген іс-шаралары барасында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласы бойынша өкілдігінің лауазымды тұлғасы жедел уәкіл Г. Мамырайымов бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетіне тұсау салынды. Олар 2006 жылдың мамыр айынан бері заңсыз есірткі сатумен айналысып келген",- деп мәлім етті Қызылорда облысының прокуроры И. Кәрім.

Прокурордың мәліметтеріне сүйенсек, қылмыстық топтың жетекшісі Г. Мамырайымов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 235-бабының 1-тармағы, 259-бабының 4-тармағы, 308 бабының 4-тармағы бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырылған. Топтың мүшелері Д. Досмаилов пен А. Дарменов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы, 308 бабының 4-тармағы бойынша 12 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Баспасөз мәслихатының барысында прокурор сондай-ақ, 2007 жылы Арал өңрініде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 157 қылмыс анықталғандығын хабарлады. Заңсыз айналымнан 350 кг жуық марихуана, 1 кг 222 грамм героин және 4,5 кг жуық гашиша тәркіленген.

"2007 жылы аймақта барлығы 3837 қылмыс тіркелген, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға төмен",- деп атап өтті ол. Оның айтуынша, ауыр қылмыстар саны 736-дан 639-ға (13,1 пайызға), денсаулыққа ауыр зардап әкелу 66-дан 52-ге (21,1 пайызға), ұрлық 1641-ден 1450-ге (11,6 пайызға), бұзақылық 538-ден 443-ке (17,6 пайызға) төмендеген. "Сонымен қатар аймақта зорлау қылмыстары, бұрын сотталғандардың және топтасып қоғамдық орындарда жасайтын қылмыстар санының өскендігі байқалады",- деді И. Кәрім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны