03.05.2011, 10:45 3146

Қызылорда облысында сұйық күкірт қышқылын құйған автоцистерна аударылып қалды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қызылорда облысында болған көлік апаты салдарынан күкірт қышқылы төгілген. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 3 - мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында сұйық күкірт қышқылын құйған автоцистерна аударылып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қызылорда облысында болған көлік апаты салдарынан күкірт қышқылы төгілген. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

"2 мамырда сағат 13.05-те Қызылорда облысының Шиелі ауданы "Еңбекші" ауылдық округының маңында "ТSO КамАЗ" автокөлігінің ("Казатомпром" ЖШС тиесілі) жүргізушісі 1978 жылы туған Рыспеков Н. 27 тонна сұйық күкірт қышқылы құйылған 32 тонналық сыйымдылығы бар автоцистернаны аударып алды. Нәтижесінде, 5 тонна көлемінде күкірт қышқылы төгілді", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны