27.10.2009, 13:58 2651

Қызылорда облысында тәртіп сақшысы жол апатын шығаруына байланысты бір адам қаза тапты

Қызылорда облысында тәртіп сақшысы жол апатын шығаруына байланысты бір адам қаза тапты

Қызылорда. 27 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 14 қазанда тәртіп сақшысы жол апатын шығаруына байланысты бір адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол апаты Шымкент - Самара тас жолында 17-ші разъезд маңында шамамен сағат 22 кезінде болған. Шиелі АІІБ қызметкері айдаған "Ауди" көлігі жолдың жиегінде тұрған фургонмен соқтығысты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Алдын ала тексеру барысында белгілі болғанындай, фургон жүргізушісі көлігін жолдың шетіне тоқтатып, өз бір жаққа кеткен, ал екі жолаушы осы кезде көліктің алдыңғы жағында кабинаның жанында отырған. "Ауди" жүргізушісінің айтуынша, ол қарсы бағытта келе жатқан көліктің жарығынан ештеңе көре алмай қалған. Сөйтіп тәртіп сақшысы тізгінге ие бола алмай, көлігімен фургонға келіп соғылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Апат салдарынан бір адам оқиға орнында жан тапсырып, бір адам аудандық ауруханаға жарақаттармен жеткізілген.

Жол апатына кінәлі адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-шы бабының 2-тармағы (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда кісі өліміне әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызметтік тексеруден кейін полиция офицері ішкі істер органынан жұмыстан шығарылды.

"Қазір жол апатына кінәлі күдікті кісі өліміне жол беруге байланысты соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу абақтысында отыр", - деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны