31.05.2007, 10:13 6594

Қызылорда облысында тауарлық поездың тепловозы өртену салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылды

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында тауарлық поездың тепловозы өртену салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қармақшы ауданында, Қорқыт Ата және Ордазы бекеттері арасындағы жол бөлігінде 30 -мамырда 15 сағат 53 минутта Ақтөбе-Алматы бағытында қатынайтын №2416 тауарлық поездың тепловозы өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқыс оқиға салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылды. Өртті 16 сағат 10 минутта ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің күштері, 5 адам мен 1 техника және Қазалы станциясының 12 адамнан құралған өрт сөндіруші поезы сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны