06.09.2007, 10:06 1547

Қызылорда облысында тепловоз өртенді; Ақмола облысында шойын жолдан вагондар шығып кетті

Қызылорда облысында тепловоз өртенді; Ақмола облысында шойын жолдан вагондар шығып кетті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Қызылорда облысында тепловоз өртенді; Ақмола облысында шойын жолдан вагондар шығып кетті. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, , "Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Дерментөбе темір жол станциясында 5 қыркүйекте 17 сағат 06 минутта жүк поезы тепловозының 1-ші секциясы өртенді, ол Төретам - Жосалы бағытында жолға шыққан".

Баспасөз қызметінің мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апат салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 24 минутқа үзілді. "Өрттің себептері мен материалдық шығын көлемі анықталу үстінде", - делінген министрлік ақпаратында. Өртті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 6 адамы мен 1 техникасының күшімен 18 сағат 30 минутта сөндірілді.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ақмола облысында , Целиноград ауданында Сороковая темір жол станциясында 5 қыркүйек күні таңертең маневрлік жұмыстар кезінде цемент тиелген екі жабынды вагон шойын жолдан шығып кетті".

"Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. Апат темір жолдағы қозғалысқа әсер еткен жоқ. Апаттан қалпына келтіру жұмыстары сол күні кешке тәмамдалды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны