01.07.2011, 17:15 4134

Қызылорда облысында тепловоз өртеніп кетті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысында "Түркістан-Шиелі" бағытында кетіп бара жатқан жүк пойызының тепловозы өртеніп кеткен.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында тепловоз өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысында "Түркістан-Шиелі" бағытында кетіп бара жатқан жүк пойызының тепловозы өртеніп кеткен.

Оқиға 2011 жылдың 30 маусымы күні орын алған. Қызылорда облысының Төменарық станциясында орын алған. Мекеменің хабарлауынша, "Түркістан-Шиелі" бағытында кетіп бара жатқан №2205 жүк пойызы тепловозының артқы секциясынан өрт шыққан. 64 вагонды сүйреп бара жатқан тепловозда өрт шығып, жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылардың хабарлауынша, бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмеген. Өрт сөндіру жұмыстарына Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы және өрт сөндіруші арнайы пойыз жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны