28.02.2008, 19:34 4476

Қызылорда облысында ТЖМ тікұшағы құлау салдарынан төрт адам қаза тапты

Қызылорда облысында ТЖМ тікұшағы құлау салдарынан төрт адам қаза тапты

Астана. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысының Жалағаш ауданында бүгін ТЖМ тікұшағы құлаған кезде төрт адам қаза тапты. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед Сырдарияның тасқын қаупі жоғары тұстарын аралау үшін ұшып шыққан МИ-8 тікұшағы құлаған кезде тікұшақтың ұшқышы қаза тапқан. Сондай-ақ, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Сағитжан Бірмағанбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Қазбек Төреманов опат болған. Ал департаменттегілер қаза тапқан төртінші адамның ата-жөнін атаған жоқ, ол министрліктің орталық аппаратының өкілі болуы ықтимал.

Қазіргі жағдаймен облыс әкімі облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне ауыстырылған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында бүгін 15 сағат 55 минутта ҚР ТЖМ-нің тікұшағы құлады.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тікұшақ бортында 15 адам болған. Қазір барлық зардап шеккендер түрлі дәрежедегі жарақаттармен Жалағаш ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілген.

ТЖМ оқиғаға байланысты комиссия құрылып, оны төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров басқаратын болғаынн хабарлады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау және Көлік және коммуникациялар министрлігінің өкілдері де кірген комиссия оқыс оқиға орнына ұшып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны