19.05.2010, 10:07 1428

Қызылорда облысында жаппай улану салдарынан ауруханаға жатқызылған тағы 7 адам үйлеріне шықты - ТЖМ

Қызылорда облысында жаппай улану салдарынан ауруханаға жатқызылған тағы 7 адам үйлеріне шықты - ТЖМ

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жаппай улану салдарынан "сальмонеллез" деген диагнозбен жатқызылған 7 адам ауруханадан шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2010 жылдың 18 мамыры күнгі сағат 19.00-дегі жағдаймен 7 адам, соның ішінде 3 бала ауруханадан шықты. Ауруханада қалғандар саны 108 адамды құрады, олардың 11-і балалар", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9 мамырда Сырдария ауданының Тереңөзек кентінен жеті адам тамақтан уланып ауруханаға жатқызылды. Бұдан кейінгі бірнеше күнде ауруханаға жатқызылғандар саны 138 адамға жетті. ТЖМ мәліметінше, олардың бәрі де соның алдындағы күні Тереңөзек ауданы орталығында аста болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны