08.10.2007, 19:05 2897

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасының нәтижесінде екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Көлік апаты Шымкент - Самара тас жолының 674-шақырымында, Қармақшы ауданының жерінде, сенбі күні 15.30-да орын алған. "Москвич-412" автокөлігінің жүргізушісі "Ауди" автокөлігімен соқтығысына себепкер болған. Жол-көлік апатының нәтижесінде "Москвич-412" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы сол жерде қайтыс болды, "Ауди" жүргізушісі мен оның жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны