17.01.2007, 10:07 1595

Қызылорда облысындағы бір мектепте өрт шығып, 300 оқушы эвакуацияланды

АСТАНА. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Қызылорда облысындағы бір мектепте өрт шығып, 300 оқушы эвакуацияланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Қазалы ауданы Ийтеке би ауылындағы №226 мектеп-гимназияның бу қазандығында 16-қаңтарда 13 сағат 25 минутта дизельдік отын құйған ыдыстан өрт шыққан. Өрт салдарынан 46 жастағы от жағушы 3-4 дәрежелі күйікке шалдығып, ауруханаға жеткізілді.

300 оқушы сыртқа шығарылды.

Өрт сол күні 15 сағат 5 минутта төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің күштері, атап айтсақ, 15 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны