05.06.2013, 13:35 3992

Қызылорда облысындағы "Қоныс" кен орнында бір жұмысшы қаза тапты

Қызылорда облысындағы "Сибу Қызылорда" ЖШС инженерлік бұрғылау компаниясының "Қоныс" кен орнында бір жұмысшы өндірістік жағдайда қазаға ұшырады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысындағы "Қоныс" кен орнында бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қызылорда облысындағы "Сибу Қызылорда" ЖШС инженерлік бұрғылау компаниясының "Қоныс" кен орнында бір жұмысшы өндірістік жағдайда қазаға ұшырады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 1 маусым күні 02 сағат 40 минутта орын алған.

"Қоныс" кен орнындағы К-569 ұңғымасында ұңғыма шахтасынан сорғыны көтеру жұмыстары кезінде бұрғылау ұңғымасының жұмысшысы 1991 жылы туған Ж. Шахаманов ауыр жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны