23.09.2008, 09:16 1145

Қызылорда және Маңғыстау облыстарында екі жол апатынан төрт адам қаза тапты

Қызылорда және Маңғыстау облыстарында екі жол апатынан төрт адам қаза тапты

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда және Маңғыстау облыстарында екі жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Қызылорда облысының Сырдария ауданында Құмкөл - Қызылорда тас жолының 155-ші шақырымында 22 қыркүйекте "Урал" жүргізушісі "Тойота" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан "Тойотаның" 40 жастағы жүргізушісі мен оның 48 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Жаңаөзен - Жаңабай тас жолының 5-ші шақырымында 22 қыркүйекте "УАЗ" және "КамАЗ" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "УАЗ" көлігінің 34 жастағы жүргізушісі мен 38 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны