19.05.2010, 09:49 1548

Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жол апаттарынан екі адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды

Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жол апаттарынан екі адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жол апаттарынан екі адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының Сырдария ауданында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 180-ші шақырымында сағат 15.20-да "Фольксваген" шағын автобусы мен HOWO жүк көлігі соқтығысты.

Апаттан 37 жастағы "Фольксваген" жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды; оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы Жаскешу елдімекенінде Алматы - Ташкент тас жолында сағат 04.30-да "Лексус" автокөлігі аударылды.

Соның салдарынан 27 жастағы жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды; оның 48 жастағы жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны