03.06.2008, 09:55 1248

Қызылордада апат салдарынан 64 үй газдан ажыратылды

Қызылордада апат салдарынан 64 үй газдан ажыратылды

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада апат салдарынан көп қабатты 64 үй газдан ажыратылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, қызылорда қаласында газ қамтамасыздығы жүйесіндегі апат салдарынан көп қабатты 64 үй газдан ажыратылды (3283 пәтер). Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт 02 сағат 47 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 34 адамы мен 7 арнаулы техникасының күшімен сөндірілді. 22 сағат 30 минуттағы жағдаймен жөндеу қалпына келтіру жұмыстарын "Қазтрансгаз-Аймақ" АҚ апаттық бригадасы аяқтады. Газ жіберу қайта жандандырылып, барлық абоненттерге газ жіберілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2 маусымда 01 сағат 40 минутта Қызылорда қаласында "Опель" жүргізушісі жоғары қысымды кран торабына соғылды. Соның салдарынан газды-ауалы қоспа жарылып, ол артынан тұтанды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрттен автокөлік толық жанып кетті, бір жолаушы 1-2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны