11.02.2010, 18:31 3472

Қызылордада балабақшада шыққан өрт салдарынан 48 бала эвакуацияланды

Қызылордада балабақшада шыққан өрт салдарынан 48 бала эвакуацияланды

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылордада балабақшада шыққан өрт салдарынан 48 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, бүгін сағат 13.03-те Арай ықшамауданында 147-ші учаскедегі "Жеті қазына" балабақшасында 128 шаршы метр аумақта өрт шықты. Соның салдарынан 48 бала мен онда істейтін 9 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 35 адамының күшімен 14 сағат 25 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны