23.02.2007, 19:06 3288

Қызылордада бөгет қайтадан бұзылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Қызылордада Сырдариядағы бөгет қайтадан бұзылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық төтанша жағдайлар департаментінің бас маманы Мұхит Ақдаулетов хабарлағандай, "кеше түнде "Сырдария өзенінің арнасы мен Арал теңізінің солтүстік бөлігін реттеу" атты халықаралық жоба аясында салынған жағалаудағы қорғаныс бөгетін су шайып кеткен". "Төтенше оқиға облыс орталығының бұрынғы "Рисмаш" зауыты ауданындағы "Мерей" саяжай аумағында болған",- деп нақтылап өтті ол.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары бір тәулік бойы бөгенді өсіру және нығайту жұмыстарын жүргізді. Қазір 35 адам мен 13 бірлік техникадан тұратын еркін мобильді құтқарушылар тобы сең жүріп жатқан Қазалы ауданына қайта орнықтырылды.

Арал-Сырдария су бассейні басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өзен суының облыстың магистральдық арналармен әкету көлемі секундына 57 текше метрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны