02.06.2008, 11:01 2235

Қызылордада газдың жарылысынан бір адам ауруханаға жатқызылып, 3 үй көгілдір отынсыз қалды

Қызылордада газдың жарылысынан бір адам ауруханаға жатқызылып, 3 үй көгілдір отынсыз қалды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада газдың жарылысынан бір адам ауруханаға жатқызылып, 3 үй көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін 01 сағат 40 минутта Қызылорда қаласында (Қызылорда облысы) "Опель" көлігінің жүргізушісі жоғары қысымды құбыр торабына ұрынды. Соның салдарынан газды-ауалы қоспа жарылып өрт шықты. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, оқыс оқиға салдарынан көлік толық өртеніп кеткен, ал бір жолаушы 1-2 дәрежелі күйекке шалдығып ауруханаға жеткізілді. Өрт 02 сағат 47 минутта ауыздықталды. Сонымен қатар, тосын оқиғаның салдарынан бес қабатты (500-550 тұрғын) үш үй көгілдір отынсыз қалды.

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, төтенше жағдайды ауыздықтау жұмыстарына "Қазтрансгаз-Аймақ"АҚ (25 адам және 5 техника) және ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметі (6 адам 1 техника) жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны