31.01.2008, 09:59 2564

Қызылордада қазандықтағы жарылыстың салдарынан көп пәтерлі екі үй жылусыз қалды

Қызылордада қазандықтағы жарылыстың салдарынан көп пәтерлі екі үй жылусыз қалды

Алматы. 31 қаңтар. Қазақстан Бүгін - Қызылордада қазандықтағы жарылыстың салдарынан көп пәтерлі екі үй жылусыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, бүгінгі сағат 4-те жылыту жүйесінде газ шығу салдарынан жеке ғимараттағы қазандықта жарылыс шықты. Жарылыстан қазандықтың жұмысшысы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "қазандық №43 орта мектеп пен екі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз еткен". Сөйтіп, 74 пәтердің тұрғындары жылусыз қалды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы, мен 10 адамы; Қызылорда қалалық "ОСО" МБ-ның 1 арнаулы техникасы мен 3 адамы; ҚР ТЖМ "ЮРАОСО" МБ-ның 1 арнаулы техникасы мен 4 адамы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны