15.02.2012, 12:30 3083

Қызылордада көп қабатты тұрғын үйде өрт шығып, бір адам мерт болды

Қызылорда қаласының "Шұғыла" ықшам ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққан.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - Қызылордада көп қабатты тұрғын үйде өрт шығып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда қаласының "Шұғыла" ықшам ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққан.

Өрт 14 ақпан күні сағат 07.18 2-қабатта орналасқан пәтерден шығып, жалын 13 минуттан кейін сөндірілген.

Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Оқиға орнында 48 жастағы ер адамының мәйіті табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны