28.03.2012, 17:22 3504

Қызылордада құрылыс алаңында баласын тастап кеткен әйел іздестірілуде

"Бектұрғанов көшесі бойындағы құрылыс алаңынан 4-5 айлық сәби табылды. Бала жалғыз болған, оны сырттай өтіп бара жатқан адамдар тауып алыпты. Қазір кім және не себепті оны тастап кеткендігі анықталу үстінде", - деп әңгімеледі Қызылорда ҚІІБ ЖІИ қызметкері Жасұлан Илмағамбетов.

Қызылорда. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Қызылордада құрылыс алаңында баласын тастап кеткен әйел іздестірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бектұрғанов көшесі бойындағы құрылыс алаңынан 4-5 айлық сәби табылды. Бала жалғыз болған, оны сырттай өтіп бара жатқан адамдар тауып алыпты. Қазір кім және не себепті оны тастап кеткендігі анықталу үстінде", - деп әңгімеледі Қызылорда ҚІІБ ЖІИ қызметкері Жасұлан Илмағамбетов.

Қызылорда ҚІІБ мәліметтері бойынша, құрылыс алаңында 30 жасар шамасындағы әйелдің баламен жүргенін көрген куәгерлер бар. Болжам бойынша, баланы сол әйел тастап кеткен болуы керек. Куәгерлер әйелдің не киінгенін есте сақтап қалыпты, қазір сол белгілер бойынша оны полиция іздеуге кірісті, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Сәби дәрігерлер жағдайын тексеріп шыққаннан кейін Қызылорданың Сәбилер үйіне жіберілді. Оның денсаулығы қанағаттанарлықтай, бойында суық тию мен жаралану белгілері байқалмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны