10.04.2013, 10:51 3217

Қызылордада құрылысы аяқталмаған үйден жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Қызылорда қаласының ІІҚБ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала маңындағы Тасбөгет аулының полиция бөліміне құрылысы жүріп жатқан үйдің маңынан жаңа туған сәбидің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Нәрестенің өлі денесін сол маңайда ойнап жүрген балалар тауып алған.

Қызылорда. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада құрылысы аяқталмаған үйден жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қызылорда қаласының ІІҚБ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала маңындағы Тасбөгет аулының полиция бөліміне құрылысы жүріп жатқан үйдің маңынан жаңа туған сәбидің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Нәрестенің өлі денесін сол маңайда ойнап жүрген балалар тауып алған.

Тергеу барысында Жалағаш аудан орталығының тұрғыны, 26 жастағы азаматша соңғы жылда Тасбөгеттегі туыстарының қолында тұрғаны анықталды. Тұрмысқа шықпаған оның аяғы ауырлап қалады да, ата-анасының қаһарынан қорқып, үйге сәбисіз қайтпақ боп шешеді. Ол құрылысы аяқталмаған үйде босанып, сәбиді сол жерге тастап кеткен. Бірнеше сағат өткен соң нәресте көз жұмған.

Келесі күні далада ойнап жүрген балалар мәйітті тауып алады. Бастапқыда оны қуыршақ деп ойлаған олар, кейін оның ойыншық емес екенін түсініп, үлкендерге айтқан. Олар полицияға хабарлаған. Бірнеше сағат ішінде полицейлер сәбидің анасын тапты.

Қазір ол дәрігерлер мен полицейлердің бақылауында ауруханада жатыр. ҚР ҚК 97-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны