30.12.2011, 12:54 3440

Қызылордада лаңкестік топ басшыларының бірінің көзі жойылды

29-желтоқсан күні құқық қорғау органдары еліміздің Ұлттық қауіпсіздік қызметі "Арыстан" арнайы бөлімшесін тарту арқылы Ағжан Хасен бастаған лаңкестік топтың жетекшілердің бірі 1971 жылы дүниеге келген Ерік Аязбаевты ұстау операциясын жүргізді.

Астана. 30-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылордада лаңкестік топ басшыларының бірінің көзі жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қызылордада арнайы жүргізілген операция кезінде лаңкестік топтың басшысының көзі жойылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мәлім етті.

29-желтоқсан күні құқық қорғау органдары еліміздің Ұлттық қауіпсіздік қызметі "Арыстан" арнайы бөлімшесін тарту арқылы Ағжан Хасен бастаған лаңкестік топтың жетекшілердің бірі 1971 жылы дүниеге келген Ерік Аязбаевты ұстау операциясын жүргізді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қылмысты қудалаудан бой тасалаған Е.Аязбаев жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда қаласының Амангелді көшесі бойындағы 3 үйдің 80 пәтерінде тұратындығы анықталды. Құқық қорғау органдарының берілу туралы ұсынысынан бас тартқан ол Макаров тапаншасынан оқ атқан. Құқық қорғаушылардың қарсы атқан оғынан лаңкес қаза тапты.

Бейбіт халық пен құқық қорғау органдарының арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ, сондықтан алаңдаушылық еш негізсіз.

Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсанында Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кентінде 2011 жылдың 8 қарашасында екі полиция қызметкерін өлтіріп, Алматы қаласында жаңа зорлық-зомбылық әрекеттерін іске асыруды жоспарлаған лаңкестік топтың қызметіне тосқауыл қойылған болатын. Арнайы операция барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Арыстан" қызметі арнайы бөлімшесінің екі қызметкері қаза тауып, Ағжан Хасен бастаған лаңкестік топтың бес мүшесі жойылған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны