19.07.2013, 12:58 5221

Қызылордада он жасар бала қала орталығындағы тоғанға батып кетті

Бұл туралы Қызылорда қаласының прокуроры И.Абдуллаев хабарлады.

Қызылорда. 19-шілде. Kazakhstan Today - Қызылордада он жасар бала қала орталығындағы тоғанға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қызылорда қаласының прокуроры И.Абдуллаев хабарлады.

"№264 мектептің 5-ші сынып оқушысы қалалық жағажайдан тыс жердегі тоғанда батып кетті. Баланың неге ол жерге барғаны белгісіз. Жыл басынан бері Қызылордада 5 бала суда ажал құшты. Ата-аналар балаларының қайда жүргенін білмейтін кездері болады. Бұған қоса қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарайды. Балалар ересектердің бақылауынсыз суға түседі",-деді И.Абдуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны