28.02.2011, 11:23 6739

Қызылордада отбасын тілсіз жаудан құтқарып қалған бүлдішіннің отбасына үш бөлмелі пәтер берілетін болды

Қызылордада отбасын тілсіз жаудан құтқарып қалған бүлдішіннің отбасына үш бөлмелі пәтер берілетін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қызылорда. 28 - ақпан. Kazakhstan Today - Қызылордада отбасын тілсіз жаудан құтқарып қалған бүлдішіннің отбасына үш бөлмелі пәтер берілетін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, 8 жастағы Динара Оңдасыебаева бүкіл отбасын дерлік тілсіз жаудың құрығынан алып шыққан болатын. Оқиға ақпанның жиырмасы күні Сабалақ саяжайында түнгі он шамасында орын алады. Отағасы Жаңбырбай мен жұбайы Мирамкүл жұмыссыз. Саяжайдағы пәтерді уақытша жалға алған. Ата-анасы оқиға орын алатын күні отын сатуға кеткен. Үйде төрт бірдей бүлдіршін ұйқыда болған. Ауызғы бөлмедегі өртті көрген екінші қыз Динара Оңдасын алдымен 11 жастағы Майраны оятады. Терезені сындырған ол бестегі Жасминді, сосын үш айлық сіңлісі Айсананы отқа оранған үйден аман-есен алып шығады.

Бүгінде анасымен бірге облыстық ауруханада ем алып жатқан кішкентайлардың жағдайы бір қалыпты. Олардың халін білуге барған облыс әкімі оларды сый- сыяпаттан кенде қалдырмады. Тәттілер мен жұмсақ ойыншықтарды ала келген ол ерлік жасаған Динараға алғысын білдірді.

Сонымен қатар облыстық білім басқармасы бастығына Динараның атына бір банктен есепшот ашуды тапсырды. Оның алғашқы салымшысы өзі болатынын да жеткізді. Тасбөгет кентіндегі №176 мектепте оқитын бүлдіршіннің болашағы үшін жиналатын қор болуға тиіс екендігін де айтты. Отағасын мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз етуді де облыс әкімі өз мойнына алды. Ал бір апта ішінде үш бөлмелі үйдің кілті Қыстаубаевтар отбасына салтанатты жағдайда табысталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны