28.12.2009, 10:13 2504

Қызылордада Сырдариядағы бөгеттің бұзылуы салдарынан 20 саяжай үйі су ішінде қалды

Қызылордада Сырдариядағы бөгеттің бұзылуы салдарынан 20 саяжай үйі су ішінде қалды

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылордада Сырдариядағы бөгеттің бұзылуы салдарынан 20 саяжай үйі су ішінде қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Весна" бақшашылар қоғамында 26 желтоқсанда сағат 08.00-де сеңдер бөгеліп қалуға байланысты Сырдария өзеніндегі бөгет бұзылды. Тасқын аймағында 35 ғимарат - 20 саяжай мен 15 шаруашылық ғимараты қалды. Оның аумағы жалпы 1 гектарға жуық. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

26 желтоқсандағы сағат 15.25-тегі жағдаймен қалпына келтіру және жағалауды бекіту жұмыстары толық аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны