12.05.2010, 10:44 1268

Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқандар саны 46 адамға жетті

Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқандар саны 46 адамға жетті

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқандар саны 46 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, "10 - 11 мамырда 39 адам, соның ішінде 8 бала ауруханаға жатқызылған. Қазір ауруханаларда барлығы 46 адам жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық".

Еске сала кетейік, 9 мамырда Қызылорданың "Шұғыла" ықшамауданынан жеті адам тамақтан уланып ауруханаға жатқызылған болатын.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мәліметінше, қазір "ауруханада қаланың 28 тұрғыны емделуде".

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің хабарлауынша, "эпидемиологиялық тексеру қорытындысы көрсеткендей, олардың бәрі де соның алдындағы күні Тереңөзек аудан орталығында болған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны