12.04.2010, 10:53 2512

Қызылордада "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Қызылордада "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда қаласының Қорқыт ата және Скатков көшелерінің қиылысында "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі 59 және 44 жастағы екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, бір ер аадам мен бір әйел сол жерде көз жұмды.

Сондай-ақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, 11-сәуірде таңғы сағат 4. 30-да Атырау облысы Исатай ауданы "Ақтөбе-Астрахань" автожолының 670-ші шақырымында екі "Мазда" көлігі мен "ВАЗ" көлігі соқтығысты. Соның салдарынан "Мазда" көліктерінің екі жүргізушісі және олардың 4 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

Бірден үш автокөліктің соқтығысу оқиғасы Жамбыл облысында да болды. Мойынқұм ауданы "Алматы-Ташкент" автожолының 183-ші шақырымында екі "Мерседес" пен бір "Ауди" көлігі соғысқан. Апаттан "Мерседес" көліктерінің екі жүргізушісі және бір жолаушы сол жерде жан тәслім етті, тағы біреуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны