30.11.2009, 09:51 2659

Қызылордада жер үйдегі өрттің салдарынан үш бала қаза тапты

Қызылордада жер үйдегі өрттің салдарынан үш бала қаза тапты

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қызылордада жер үйдегі өрттің салдарынан үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда қаласының Белкөл ауылында Ибдіқадіров көшесіндегі жер үйде 29 қарашада сағат 13.34-те 56 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 6, 4 және 2 жасар балалардың мәйіттері табылды. Өрт Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының күшімен 15 сағат 50 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны