01.11.2006, 11:47 3809

Қызылордадағы экономика, экология және құқық академиялық университетінің ректоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 1-қараша. Kazakhstan Today. Қызылордадағы экономика, экология және құқық академиялық университетінің ректоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД-нің төрағасы Асқар Исағалиев хабарлады.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, жоғары оқу орнының жетекшісі жалған дипломдар беріп келген. Бастапқыда "үш жылдық сырттай оқу дәрісін бір жарым жылда табысты бітіріп шыққан бес түлек" анықталды. Олардың үшеуі тіпті аталмыш дипломда көрсетілген "заңгер" деген мамандық бойынша жұмысқа орналасып та үлгерген.

А.Исағалиевтың айтуынша, осыдан кейінгі тексерулер барысында "осы жоғары білім ордасының тағы да осындай сегіз түлегін" анықтауға мүмкіндік туды. Оларға жалған ведомость бойынша диплом берілген.

Сонымен бірге Біртұтас ұлттық тестілеу нәтижесінде орта есеппен 13-35 балл жинаса да жоғары білім игергендігі туралы диплом алған 19 адам анықталды. "Ал аталмыш жоғары оқу орнында бекітілген ережелерге сәйкес, 50-ден төмен балл жинаған адамдар қабылдануға тиіс емес".

Университет ректорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық жөніндегі 177, жалған құжаттар жасау жөніндегі 325-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық ІІД төрағасының айтуынша, тәртіп сақшылары облыс орталығындағы тағы бірнеше жоғары оқу орнын тексермекші. Өйткені олардың қолында осы тектес заң бұзушылықтар туралы ақпарат бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны