27.09.2011, 15:38 3374

Қызылордадағы жатаханалардың бірінде ірі өрт шықты

Қызылордада 26 қыркүйек күні 16 сағат 15 минутта жекешелендірілен отбасылық жатақхананың шатырында өрт шыққан.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылордадағы жатаханалардың бірінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қызылордада 26 қыркүйек күні 16 сағат 15 минутта жекешелендірілен отбасылық жатақхананың шатырында өрт шыққан.

Өрт жарты сағаттан кейін сөндірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Қызылорда облысы ТЖД-нің 27 адамнан құралған жеке құрамы және өрт сөндіру қызметінің 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 1000 шаршыметрді қамтыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны