06.02.2012, 09:30 3361

Қызылордаң газ құбырында болған апат салдарынан бірқатар тұрғын үйлер жылусыз қалды

Қала әкімдігі зауытта жөндеу жұмыстарының қолға алынғандығын және олардың кешке дейін созылатындығын айтып отыр. Газ беру қашан қалпына келтірілетіні әзірге белгісіз.

Астана. 6-ақпан. Kazakhstan Today Қызылорданың газ құбырында болған апат салдарынан бірқатар тұрғын үйлер жылусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, апта соңында Қызылорда қаласында тұрғын үйлерге газ беру тоқтатылды. Бұл туралы "ҚазТрансГазАймақ" АҚ аймақтық филиалының басшысы Нұрлан Шаухаманов хабарлаған.

Оның айтуынша, бұған қаланы "көгілдір отынмен" қамтамасыз ететін Құмкөл даласындағы Ақшабұлақ газ өңдеу зауытының істен шығуы себеп болып отыр. Күннің қатты суытуынан газ қатып қалған. Осыған байланысты облыс орталығындағы газбен жылытылатын үйлер үлкен қиындықтарды бастан кешуде. Бұл үйлердің жылудан ажырап қалғандығын былай қойғанда, олардағы жылыту құбырларының қатып қалу қаупі тууда.

Қала әкімдігі зауытта жөндеу жұмыстарының қолға алынғандығын және олардың кешке дейін созылатындығын айтып отыр. Газ беру қашан қалпына келтірілетіні әзірге белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны