27.04.2012, 10:08 4368

Қыз-келіншектермен интернет арқылы танысқан алаяқ сенімге кіріп, артынан оларды бопсалап отырған

9 сәуірде қалалық полиция бөліміне 1968 жылы туған жергілікті азаматша келіп, белгісіз ер азамат оның ар-ожданына нұқсан келтіретін ақпаратты жария етемін деп қорқытумен бірнеше мәрте ақша талап еткенін мәлімдеген.

Шымкент. 27-сәуір. Kazakhstan Today - Қыз-келіншектермен интернет арқылы танысқан алаяқ сенімге кіріп, артынан оларды бопсалап отырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шымкент полициясының қызметкерлері арнайы іс-шараларды өткізу барысында аса қауіпті баукеспе ұрыны құрықтаған.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 9 сәуірде қалалық полиция бөліміне 1968 жылы туған жергілікті азаматша келіп, белгісіз ер азамат оның ар-ожданына нұқсан келтіретін ақпаратты жария етемін деп қорқытумен бірнеше мәрте ақша талап еткенін мәлімдеген.

"Арнайы іздестіру шараларын өткізу барысында Шымкент қаласы ІІБ-нің оперативтік тобы жалдап тұрып жатқан пәтерінен 1966 жылы туған, тұрғылықты тұратын орны жоқ, бұған дейін сексуалдық негіздегі азғындық әрекеттері үшін, зорлық жасау, қорқытып ақша алу, алаяқтық және тонау жасағаны үшін 5 рет істі болған баукеспені ұстады. Ол бас бостандығынан айыру мекемесінен 2010 жылы босап шықты", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында белгілі болғандай, негізінен қылмыскер әйелдермен интернет арқылы танысып, олардың сеніміне кіру арқылы құпияларын біліп алып, соңынан сол ақпаратты жұртқа жайып саламын деп қорқыту арқылы олардан ақша талап етіп отырған. Сондай-ақ оның есебінде тонау мен алаяқтық жасау қылмыстары бар.

Полицейлердің айтуына қарағанда, тұрғылықты жерінің болмауынан баукеспе ұрыны ұстау біраз қиындық тудырған. Полицияға осындай шағыммен 5 әйеларызданған. Тәртіп сақшылары алданған әйелдердің саны бұдан да көп болуын жоққа шығармайды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны