11.03.2022, 17:03 45241

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды.
"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 11 НАУРЫЗ - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы Бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды. Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын", - делінген хабарламада.

 
Тергеу жалғасуда. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны