17.01.2012, 12:01 3132

Көкшетау қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, екі адам қаза тапты

16 қаңтар күні сағат 12.17 Көкшетау қаласында жер үйден өрт шыққан. Жалын 40 минуттан кейін сөндірілді.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Көкшетау қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қаңтар күні сағат 12.17 Көкшетау қаласында жер үйден өрт шыққан. Жалын 40 минуттан кейін сөндірілді.

Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Өрт салдарынан 36 жастағы әйел мен 73 жастағы ер адам көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны