12.01.2009, 09:43 1634

Көкшетау мен ОҚО жол апатынан жеті адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті

Көкшетау мен ОҚО жол апатынан жеті адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетау мен ОҚО жол апатынан жеті адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Көкшетауда Көкшетау - Омск тас жолының 17-ші шақырымында 11 қаңтарда сағат 14.00-де "Фольксваген гольф", "Фольксваген туарег" және ВАЗ көліктері соқтығысты.

Жол апатының салдарынан "Фольксваген гольф" көлігінің 42 жастағы жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, ал "Фольксваген туарег" көлігінің 38 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды. ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы дәрігердің көмегінен кейін үйлеріне жіберілді.

Сондай-ақ, ОҚО Ордабасы ауданында жол апаты болды. Шымкент - Самара тас жолының 38-ші шақырымында 11 қаңтарда сағат 18.00-де ВАЗ және "Ауди" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан ВАЗ көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты; 19 жастағы ВАЗ жүргізушісі мен "Ауди" көлігінде отырған үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны