03.09.2010, 12:53 3003

Көкшетау тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 2 жасар сәби қаза тапты

Көкшетау тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 2 жасар сәби қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 3 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Көкшетау тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 2 жасар сәби қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, кеше, қыркүйектің 2-сі күні сағат 15.10 Кенесары көшесінде орналасқан жекеменешік тұрғын үйде өрт шығып, 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру барысында 2008 жылы туған нәрестенің мәйіті табылды.

Тілсіз жау сағат 16.50 Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен сөндірілген, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны