22.12.2009, 14:02 4204

Көкшетауда дүкенге қарулы шабуыл жасалды

Көкшетауда дүкенге қарулы шабуыл жасалды

Көкшетау. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Көкшетауда кеше қарулы екі ер адам Октябрьдің 40 жылдығы атындағы көшеде орналасқан "Илем" дүкенінің күндік табысын қарақшылық шабуылмен иемденіп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеше кешкі сағат 8 шамасында ІІД-нің кезекші бөліміне Көкшетау тұрғыны телефон арқылы "Илем" дүкеніне қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабар берген".

"Оқиға орнына иісшіл иті бар шұғыл тергеу тобы келді. Белгілі болғанындай, кешкі ымырт уақытында беттерін бүркемелеп алған екі ер адам дүкенге баса -көктей кіріп, 23 жастағы сатушы қызға тапанша көрсетіп қорқыту арқылы кассаға күні бойы түскен 100 мың теңгені тартып алған", - деп хабарлайды ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сол күні шабуылшылардың бірі ретінде қылмыс жасалған маңайда тұратын жас жігітті полиция қолға түсірді. "Одан ұрланған ақшаның бір бөлігі мен жарақаттағыш тапанша алынды. Қазір оның сыбайласын іздестіру жұмыстары жүргізілуде",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны