08.11.2011, 13:01 3348

Көкшетауда элеваторға жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берілуіне байланысты 65 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Дүйсенбі күні "102" нөміріне Көкшетау қаласындағы элеваторға жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскен.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Көкшетауда элеваторға жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берілуіне байланысты 65 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні "102" нөміріне Көкшетау қаласындағы элеваторға жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскен.

Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД-ның 13 адамы мен 4 техникасы арнайы іс-шараларды жүргізіп, оның барасында қауіпті затты таппады.

"Операция барысында ғимараттан 65 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды", - делінген ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны