04.04.2008, 13:43 3160

Көкшетауда құрылыс шығыраны жатақхананың үстіне құлады

Көкшетауда құрылыс шығыраны жатақхананың үстіне құлады

Көкшетау. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда құрылыс шығыраны жатақхананың үстіне құлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бүгін Көкшетауда сағат 9-дар шамасында "Құлагер" компаниясы жүргізіп жатқан мектеп құрылысы территориясында РДК шығыраны құлады.

Бір сағаттан кейін оқиға болған жерге құлаған шығыранды көтеру үшін екіншісі жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жердің сазды болғандығынан орнатылған шығыран табанының шөгуінен туындаған.

"Біз жер сілкінісіне ұқсас қатты дүрсілді естідік. Біз көшеге шығып қарасақ, шығыран мұнарасы біздің үйдің ішінен шығып тұр екен", - деп айтты жатақхана тұрғындары.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендерден ешкім жоқ. Ғимараттың алды және бір балконның әйнектері сынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны