01.06.2011, 12:39 3254

Көкшетауда орын алған жаппай төбелес салдарынан үш адам зардап шекті

Ер азаматтар арасындағы келеңсіздік қала орталығындағы "Новинка" дүкенінің алдында орын алады. Қазір оқиға орны қоршауға алынып, прокуратура мен полиция қызметкерлері тексеріс жүргізуде. Олар қазір бұзақылардың біреуін ұстап үлгерген.

Көкшетау. 1 - маусым. Kazakhstan Today - Көкшетауда орын алған жаппай төбелес салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылдың 31-мамыры күші кешкісін Көкштауда жаппай төбелес болған. Соның салдарынан үш адам оққа ұшып, ауыр жарақат алған.

Ер азаматтар арасындағы келеңсіздік қала орталығындағы "Новинка" дүкенінің алдында орын алады. Қазір оқиға орны қоршауға алынып, прокуратура мен полиция қызметкерлері тексеріс жүргізуде. Олар қазір бұзақылардың біреуін ұстап үлгерген.

Ақмола облыстық ауруханасында хабарлағандай, жарақат алған үш адамның хәлі ауыр жағдайда. Қазір дәрігерлер оның денсаулығын тексеру үстінде.

Полицияда көшеде орын күш сынасудың себептерін әлі хабарлаған жоқ. Аталмыш жағдай бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны