22.09.2011, 17:17 4460

Көкшетауда сәбиге қарсы жасалған кезекті жаң түршігерлік қылмыстың беті ашылды

Көкшетау оперативтік қызметкерлері кішкентай сәбиге қарсы зорлық көрсеткені үшін күдікті ретінде 28 жасар жергілікті тұрғынды тұтқындады. Бұл жөнінде бүгін брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Астана. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today - Көкшетауда тағы бір сәбиге қарсы жасалған кезекті жаң түршігерлік қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Көкшетау оперативтік қызметкерлері кішкентай сәбиге қарсы зорлық көрсеткені үшін күдікті ретінде 28 жасар жергілікті тұрғынды тұтқындады. Бұл жөнінде бүгін брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

"Белгілі болғандай, 3 жасар қыз баланың өгей әкесі анасынан ақша бопсалау мақсатымен баланы алдап алып кетіп, болжам бойынша, жалдаған пәтеріне қамап қойған. Баланың ұрланғандығы жөнінде көңілдес әйеліне айтып, қызды қайтару үшін 1 мың доллар талап етеді. Күдікті екі күн бойы мас күйінде қыз баланы пәтерде қамауда ұстап, зорлаған", - деді Н. Ораз.

Сондай-ақ ол баланың анасы полицияға шағымданғанын айтты. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны